Қала көшелері қардан тазалануда

421
Қала көшелері қардан тазалауда

Өткен түнде Шымкентке біршама жауын жауды. Жаңбырдан кейін қаланы қар басты. Табиғаттың бұл құбылысы, қанша дайындалған күннің өзінде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жеңіл тимесі анық.

Қала көшелері қардан тазалауда

Қаланы қар басқаны сол, қарбалас шаруа басталып кетті. «ЛТД Тұрмыс» мекемесінің жұмысшылары қала көшелерін, үлкен және жаяу жүргіншілер жолын жұмыла тазалауға кіріскен.

Қала көшелері қардан тазалауда

Өткен түнде қалаға алдымен жаңбыр жауып, соңы қарға ұласты. Ал қарды тазалау жұмыстары түнгі 12-ден басталған. Бұл үшін бір уақытта 90 арнайы техника мен 660 жұмысшы жұмылдырылыпты.

Әйгерім Жұмағұлова, Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі: Қазір қар тазалау жұмыстары өз деңгейінде атқарылып жатыр. Бірақ, таңертең қалаға қар қайта жауып, әбігерге салғанын жасырмаймыз. Көшелермен қатар жол жиегіндегі шыршаларға қонған қар да жекелей түсіріліп, күтіммен тазалаланып жатқанын ерекше айтқым келеді.

Қала көшелері қардан тазалауда

Мамандардың мәліметінше, әзірге шаһардағы ішкі орамдық жолдар тазаланады. Яғни қазір барлығы 158 көшеде шаруа 18 бағыт бойынша атқарылып жатыр.