Өңірдің дамуына жоғарғы оқу орындары да жұмылдырылады

322
Өңірдің дамуына жоғарғы оқу орындары да жұмылдырылады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесу өткізді. Басқосудың мақсаты – өңірімізде жоғары білікті маман даярлау ісін жандандыру, жоғары оқу орындарындағы материалдық, техникалық базаны нығайтып, ғылым мен өндіріс орындары арасында маңызды байланыс орнауына ықпал жасау. Ғылым мен жоғары технологияны өңірлік экономикадағы инновациялық сектордың басым жағына қарай бағыттап, ерекше дамыған ғылыми-білім инфрақұрылымын қалыптастыру.

Өңірдің дамуына жоғарғы оқу орындары да жұмылдырылады

– Бірінші кезекте еліміздің инновациялық экономикасына күш салатын мамандар даярлау ісіне мән беруіміз қажет. Өйткені экономика мен өнеркәсіптің алға басуы ғылым мен мамандардың біліктілігіне байланысты. Сондықтан облысымызда қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының ауқымды жобаларын іске асыру үшін техникалық білімді, кәсіби біліктілігі мен машықтануы жан-жақты, білімді мамандарға сұраныс аса жоғары болып отыр, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өңірдің дамуына жоғарғы оқу орындары да жұмылдырылады

Кездесу барысында аймақ басшысы нано-технологияларды ғылыми негізде дамытып, инновациялық өнім шығаратын тәжірибелік өндірістерді құру мәселесін де сөз етті. Өйткені қазіргі заманға сай мамандарды дайындау инновациялық бағытқа арналған білім бағдарламалары мен жаңадан жабдықталған зертханаларда білім алуға негізделіп отыр.

Өңірдің дамуына жоғарғы оқу орындары да жұмылдырылады

Облыс әкімі ректорларға жоғары оқу орындарының ортақ технобағын құру жөнінде кеңес беріп, осы мақсаттағы ұтымды ұсыныстар мен идеяларды әзірлеуді жүктеді. Сондай-ақ кездесу барысында шетелдік жоғары оқу орындар арасында өзара тәжірибе алмасу жөніндегі ынтымақтастықты нығайту мәселесі де қозғалды.

Кездесуде сөз алған Қ. Ясауи атындағы ХҚТУ басшысы ғылыми зерттеу бағында өсірілген 6 мың көшетті облыстағы көгалдандыру жұмыстарына әзірлеп отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, бүгінде облысымызда 12 жоғары оқу орны бар. Оның төртеуі – мемлекеттік, сегізі – жекеменшік. Оларда 66513 шәкірт білім алып жатыр.