//
Жаңалықтар 

16 желтоқсан күні тегін автобустар жүреді

Қоғамдық көлікпен қатынайтын зейнеткерлер үшін мерекелік тарту! Шымкенттегі көлік компаниялары тәуелсіздік мерекесі – 16 желтоқсан күні барлық бағыттағы автобустарда зейнеткер аға-апаларды тегін тасымалдап, қолдау көрсетеміз деп шешіпті.

“Южавтотранс” қауымдастығының басшысы Дархан Қаюповтың айтуынша, бұл ұсынысты көлік компанияларының басшылары өздері жасаған. Сонымен, зейнеткерлер тек автобустарда 16 желтоқсан күні тегін жүре алады.

Осы тұста Гринбас компаниясының өкілдері де қала тұрғындарына сыйлақ жасап отыр. 16 желтоқсан күні №78 бағыттағы 10 автобуста барлық қалалықтар тегін жүре алады. Ол автобустарда “Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай дәл осы автобустан жол жүру – тегін!” жазуы болуы тиіс дейді компания өкілдері.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz