//
Салық мамандары рейдке шықты Жаңалықтар 

31 желтоқсан – көлік салығын төлеудің соңғы күні

Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында ұзын-сонар кезек. Тұрғындар көлік салығын төлеуге асығуда. Өйткені міндетті төлемді өтеу мерзімі 31 желтоқсанда аяқталады.

Салық мамандары рейдке шықтыМамандардың деректеріне сүйенсек. Абай ауданы бойынша 50 мыңнан астам көлік тіркелген. Олардың 10 пайызы, яғни, бес мыңдайы жарамсыз күйде, 8 мың көлік иесіне жеңілдіктер қарастырылған. Ол санатқа соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, алтын және күміс алқа иегерлері мен І, ІІ топтағы мүгедектер жатады. Ал 37 мың көлік иесі салығын төлеуі тиіс.

Былтыр, 2015 жылы көлік салығын төлемеген 4011 көлік иесінің ісі сотқа жіберілген. Өндірілетін көлік салығының мөлшері 48 млн теңгені құраған. Ал биыл міндетті салық төлемінен жалтарған 107 азамат әкімшілік айыппұл төлепті. Осындай келеңсіз жағдайға тап болмас үшін уақыт тауып, көлік салығын төлегеніңіз абзал деп ескертеді сала мамандары.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz