Кентаудағы жылу орталығында көмір аз қалды

514

Күн суықта Кентау халқы жылусыз қалып кетуі мүмкін. Облыстағы қала мен аудандардағы стратегиялық маңызды нысандардың жұмысына жауапты коммуналшылар дабыл қағуда. Өйткені «Кентаусервис» мекемесіне таяуда қаржы бөлініп, көмір жеткізілмесе, №5 жылу-энерго орталығы тоқтап қалуы мүмкін.

Ондағы көмір қоры екі аптаға жетеді дейді жауаптылар. Бұл мәлімдеме облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген мәжілісте белгілі болды. Кентау қаласындағы жылуға қатысты жағдай жайлы баяндаған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы өңір басшысынан көмек сұрады.