Мемлекет коммуналды саладағы бағаны реттемейді

Жаңа жылдан бастап мемлекет бірқатар саладағы бағаны реттеуден бас тартады. Оның ішінде теміржол тасымалы, электр және жылу энергиясы, пошта, телекоммуникация мен газ салалары бар. Бұл туралы монополияға қарсы қызмет өкілдері хабарлады.

Бұл — баға еркін нарыққа босатылады деген сөз. Жүйені реформалау, бағаларды реттеуден бас тарту монополияға қарсы реттеуге өту арқылы жүзеге асырылады. Бүгін табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық департаментінің басшысы электр жарығы, табиғи газ бен жылу тарифтеріне қатысты мәлімдеме жасады.

Сөйтіп, жаңа жылдан бастап бұл стратегиялық маңызды нысандардың бағалары еркін жіберіледі. Тарифті нарықтың өзі реттейді дейді жауаптылар.

Бұл тұста ғалымдар мен кәсіпкерлер қол қусырып отырған жоқ олар. Газ бен электр жарығының балама көздерін анықтауды қолға алған. Шымкенттің іргесіндегі орман шаруашылығы аумағында орналасқан кәсіпорындардың бірінде ірі қара малдың қиынан метан газы өндірілуде.

Қорыта айтатын бір мәселе бар. Енді тарифтерді нарықтың өзі реттесе, онда қарапайым халыққа қаржыны үнемдеудің жолын табуға тура келіп тұр. Баламалы энергия көзін пайдалану — соның бір жолы.

Осы тұста облыста электр қуатын тұтынудың орташа бағасы өзгермей, сол күйі қалады. Бұл туралы «Энергопоток» мекемесінің ресми сайты хабарлайды. Алайда, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап тәулік зоналары бойынша жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай тарифті бекіту ережесінің өзгеруіне байланысты бірқатар өзгерістер болады деп хабарланып отыр.

Нақты айтқанда, тариф жеке тұлғаларға күндіз қосымша құн салығымен қоса есептегенде 1 киловат/сағат үшін — 17 теңге 28 тиын; түнгі уақытта — 9 теңге 61 тиын деп белгіленіп отыр. Ал заңды тұлғаларға күндіз 1 киловат/сағат үшін — 24 теңге 87 тиын; кешке — 52 теңге 50 тиын болмақ.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР