Оңтүстікте 5 оқушы ЭКСПО-2017 көрмесіне жолдама алды

Оңтүстікте 5 бірдей оқушының арманы орындалды. Мектеп оқушылары енді 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысып, өз көзімен көруге мүмкіндігі бар. Ал мұндай мүмкіндікті Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы жасап отыр.

Жолы болған оқушылар — зияткерлік мектебінде өткен ашық есік күнінде келгендер. Облысымыздағы жалпы орта мектептерінен келген 200-ден аса оқушы арасында түрлі сайыстар ұйымдастырылған болатын. Осы байқауда белсенділік танытып, өзін жақсы қырынан көрсете білгендердің арасынан  5 бала жолдамаға ие болды.

Оңтүстікте 5 оқушы ЭКСПО-2017 көрмесіне жолдама алды

— Бұл оқушылар бірнеше сайыстарға қатысты. Үздік шығып, арнайы сертификатқа ие болды, — дейді физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Қаракөз Абдрахманова. — Сонымен қатар, бұл ретте балалардың әлеуметтік жағдайы да ескерілді. Ал оған кететін шығын Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мен ұстаздары ұйымдастырған қайырымдылық акциясы кезінде түскен қаржы есебінен төленеді. Расында, ЭКСПО көрмесіне кез келген оқушының баруға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан балаларға қуаныш сыйлауға бүкіл ұжым болып атсалыстық.

Оңтүстікте 5 оқушы ЭКСПО-2017 көрмесіне жолдама алды

Аталған оқу орнында түрлі акциялар жиі ұйымдастырылады. Ал ұжым одан түскен қаржыны қайырымдылық шараларға жұмсауды әдетке айналдырған. Енді Евтихия Дюжечкина (Төле би ауданы), Нұржігіт Құрбанов (Ордабасы ауданы), Ақнұр Намазова (Ордабасы ауданы) және Үміт Рзақұлова (Сайрам ауданы) мен Равиль Ахаев (Сайрам ауданы) 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысып, күн сайын болатын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шараларын тегін тамашалайтын болады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР