Оңтүстікте 70 жас отбасы мерекені жаңа үйде қарсы алады

Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықтағы 216 пәтерлі, 9 қабатты екі үй пайдалануға берілді. Салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осы күні 70 отбасыға пәтер кілтін табыстап, жас отбасыларды жаңа қоныстарымен құттықтады.

Оңтүстікте 70 жас отбасы мерекені жаңа үйде қарсы алады

— Көптен күткен қуанышқа қол жеткізген жас отбасылар енді жаңа жылды жаңа қоныста қарсы алмақ. Бүгінде елімізде жастардың білім алуына түрлі жағдайлар жасалып, жұмыспен және тұрғын үймен қамтылу үшін кешенді бағдарламалар жүзеге асуда. Бұл өз кезегінде Елбасының жастарға жасаған қамқорлығының бір парасы ғана,- деді әкім.

Оңтүстікте 70 жас отбасы мерекені жаңа үйде қарсы алады

Әлеуметтік нысан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып, пәтерлер тұрғын үй құрылысы-жинақ банкінің жас отбасыларға сатып алу құқығымен жалға берілуде. Қазіргі таңда тұрғын үй құрылысы-жинақ банкі» АҚ желісінің «Жас отбасы» бағыты бойынша 328 жас отбасы өтініш беріп, оның ішінде төлем қабілетін растаған 216 жас отбасын үймен қамту көзделіп отыр.

Оңтүстікте 70 жас отбасы мерекені жаңа үйде қарсы алады

Бүгінде 90 азамат жолдаманы электронды түрде алып, 73 азамат төлем қабілетін растаған. Бағдарламаға қатысуға өтініш берген қалған жас отбасылар алдағы уақытта пәтер кілтін алады деп күтілуде.

Оңтүстікте 70 жас отбасы мерекені жаңа үйде қарсы алады

Еске салсақ, аталған бағдарлама аясында 2014 жылы — 84 отбасы, ал 2015 жылы 270 жас отбасы баспанамен қамтылған.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР