Оңтүстікте бірқатар жолдар жабылды

Жолға шыққанда абай болыңыздар! Қолайсыз ауа райына байланысты Шымкент — Тараз тасжолы жабық. Құтқарушылар жолда ондаған жүк көлігі тұрып қалған деп хабарлайды. Мұзтайғақтан жол жиегіне шығып кеткен автобус та бар екен.

боран Бәйдібек

Мұны куәгерлер түсіріп алып, әлеуметтік желілер арқылы таратып үлгерді. Олардың айтуынша, кептелістің негізгі бөлігі Тараздан шығаберісте. Көптеген жүргізуші түннен бері жолда тұр дейді жолаушылар.

Осы кезде Оңтүстік Қазақстан облысында боран мен көру нашарлығына байланысты Алматы — Ташкент тасжолының бөлігінде де көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтады.

Бұған қоса облыс аумағындағы Қошқарата — Жарықбас — Бірлік, Жамбыл — Құмкент — Шолаққорған және Кентау — Шолаққорған бағытындағы жолдарда да көліктің барлық түрінің қозғалысы тоқтатылды. Облыстық төтенше жағдай департаменті осылай деп хабарлама таратты.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР