Оңтүстікте суретші Керімбай Қыстаубайдың көрмесі өтті

Шымкентте облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші Керімбай Қыстаубайдың «Таулардың тағдыры» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

Оңтүстікте суретші Керімбай Қыстаубайдың көрмесі өтті

Бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар қылқалам шеберінің көрмесіне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, жиналғандарға ризашылығын білдірді.

— Бұл туындылар — ертеңіміз үшін ұмытылмас тарих. Қылқаламмен тарихымызды бейнелеп, бедерлеуде Қыстаубай Керімбайдың өнеріне тәнті болмасқа шара жоқ. Шығармашылығыңызға шалқар шабыт тілеймін! Бекзат өнердің бекзадасына айналыңыз,- деді облыс басшысы.

Оңтүстікте суретші Керімбай Қыстаубайдың көрмесі өтті

Көрменің мақсаты — жастардың салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға деген сүйіспеншілігін артырып, көркем шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру. Суретші шығармаларындағы сырлы бояулар өте нәзік те жұмсақ реңкпен үйлесімін тапқан. Автордың мінезіне тән жұмсақтық картинадағы бейнелерден де анық байқалады. Әсіресе, оның еліміздің  сұлу табиғаттары тақырыбындағы «Хан Тәңірі», «Алатау асулары», «Ақ қарлы Алатау», «Ауылым», «Күз сонатасы», «Балалық шаққа саяхат», «Тау шыңы», «Кемпірқосақ», «Аңызға саяхат» сынды туындылары айқындылығымен, композициялық ойларының тереңдігімен ерекшеленеді.  

Айта кетейік, Керімбай Ысаұлы бүгінде О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің директоры қызметін атқарып келеді. Ол — Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР