Оңтүстіктегі аудандардың даму концепциясы әзірленді

Оңтүстіктегі аудандардың даму концепциясы әзірленді. Алғаш болып, Төлеби ауданының әкімі 2017 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жобасын облыс активіне таныстырды.

Оңтүстіктегі аудандардың даму концепциясы әзірленді

Даму концепцияның маңызды және ірі бағыттарының бірі — ауыл шаруашылығын дамыту. Бұл бағытта су, өсімдік, пен мал шаруашылығы мен сервистік қызмет көрсетуді қолға алу. Ең бастысы, ұмытылған аула мен саяжайларда тұрғындар тарапынан көкөніс пен жеміс ағаштарын егу қолға алынады. Озық технологияларды кеңінен пайдаланып, өнімділікті арттыру да маңызды. Бұған қоса тамшылатып суару әдісін қолдану арқылы су үнемделеді. Арық-атыздар ретке келтіріледі.

Оңтүстіктегі аудандардың даму концепциясы әзірленді

Екінші бағыт — кәсіпкерлік пен өндіріс саласын дамыту. Биыл Төлеби ауданында 59 жоба жүзеге асырылса, келер жылы бұл көрсеткіш екі есе өспек. Жаңа жылдан бастап алты зауыттың құрылысы басталады. Бұл мақсатта «Нұрлы шапағат» серіктестігіне 40 гектар жер бөлінді. Ауылда кәсіпкерлікті дамытудың бірден-бір көзі — бордақылау алаңдарын ашуға азаматтарды жұмылдыру. Өнімділігі жоғары мал азығы дақылдарын дайындау арқылы етті бағыттағы мал басын көбейту, шағын сүт фермаларын құру да қолға алынбақ.

Төле би ауданын дамытуға арналған үшінші бағыт — туризм саласы. Бұл — кездейсоқ шешім емес. Өйткені өлкенің мүмкіндіктері зор. Мұнда тау шаңғы курортын Шымбұлақ пен Альпіден де керемет ұйымдастыруға болады дейді әкім. Емдік, экологиялық және ұлттық туризмді дамыту арқылы туристердің санын көбейтіп қана қоймай, ауылдағы ағайынды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінде әкімдік сол аймақтарға барар жолды, жолдың бойындағы сервистік орталықтарды ретке келтіруде.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР