Оңтүстікте бірқатар жолдар жабылды

523
боран Бәйдібек

Жолға шыққанда абай болыңыздар! Қолайсыз ауа райына байланысты Шымкент – Тараз тасжолы жабық. Құтқарушылар жолда ондаған жүк көлігі тұрып қалған деп хабарлайды. Мұзтайғақтан жол жиегіне шығып кеткен автобус та бар екен.

боран Бәйдібек

Мұны куәгерлер түсіріп алып, әлеуметтік желілер арқылы таратып үлгерді. Олардың айтуынша, кептелістің негізгі бөлігі Тараздан шығаберісте. Көптеген жүргізуші түннен бері жолда тұр дейді жолаушылар.

Осы кезде Оңтүстік Қазақстан облысында боран мен көру нашарлығына байланысты Алматы – Ташкент тасжолының бөлігінде де көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтады.

Бұған қоса облыс аумағындағы Қошқарата – Жарықбас – Бірлік, Жамбыл – Құмкент – Шолаққорған және Кентау – Шолаққорған бағытындағы жолдарда да көліктің барлық түрінің қозғалысы тоқтатылды. Облыстық төтенше жағдай департаменті осылай деп хабарлама таратты.