Оңтүстікте республикалық ақындар айтысы басталды

426
Оңтүстікте республикалық ақындар айтысы басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, «Бірлігіміз жарасқан мәңгілік ел» атты республикалық айтыс басталды. Ақындардың басын қосқан дүбірлі додаға еліміздің айтулы 16 ақыны мен Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан елдерінің сөз дүлдүлдері де арнайы келіп отыр.

Оңтүстікте республикалық ақындар айтысы басталды

Жүйріктердің бүгінгі сөз сайысына Оңтүстік Қазақстан облысы атынан Ж.Наушабеков, К.Оралова, А.Жаппарқұлова, Н.Мейірманов, Қ.Абзалов, Б.Байтуов, Н.Әнапия, Д.Полатбаев, Т.Түлеулиев, А.Ниязбектер қатысса, Астанадан А.Тұрсынбаева, Ж.Бұлғақов, ал, Қызылордадан М.Айтбай, Қостанайдан С.Әуезхан, Жамбыл облысынан Қ.Мырзахан, Қарағандыдан А.Жұмағұлов сынды біртуар ақындарымыз келіп, бақ сынауда.

Оңтүстікте республикалық ақындар айтысы басталды

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан – Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған аламан айтысқа облыс әкімдігінің екі жеңіл авто көлігі мен қаржылай жүлде қоры тағайындалып отыр.

Оңтүстікте республикалық ақындар айтысы басталды

Ақындар айтысын облысымыздың тумасы, «Парасат» орденінің иегері, «АРА.kz» журналының бас редакторы, белгілі сатирик Көпен Әмірбек жүргізуде.

Оңтүстікте республикалық ақындар айтысы басталды

Кіл мықтылардың айтыс аламанында қазылар алқасының төрайымы Қазақстанның халық ақыны, Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтың және «Парасат» орденінің иегері Әселхан Қалыбекова болса, қоғам қайраткері, мәдениет қайраткері Оразкүл Асанғазы, Қазақстанның халық ақыны, айтыскер ақын Әсия Беркенова, еңбек сіңірген қайраткер, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Мархабат Байғұт пен айтыскер ақын, сазгер Әбдіхалық Әбдірайымұлы сынды азаматтар қазылық етуде.

Оңтүстікте республикалық ақындар айтысы басталды

Екі күнге жалғасатын суырып салма аламан айтысының мақсаты тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен табыстарын өлең сөзбен халыққа жеткізу болып табылады.

Оңтүстікте республикалық ақындар айтысы басталды

Ақындар айтысының жабылу салтанаты 3 желтоқсан күні сағат 11:00-де Түркістан сарайында өтеді.