Оңтүстікте жыл үздіктері марапатталды

619
Оңтүстікте жыл үздіктері марапатталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек еткен, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген азаматтарға «Жыл үздігі» номинациясы табысталды. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жыл бойы атқарған істі бағалап, сол жолда жемісті еңбек еткен азаматтар мен еңбек ұжымдарын 52 аталым бойынша марапаттап, құттықтады.

Оңтүстікте жыл үздіктері марапатталды

– Дана халқымыздың «Ел мерейі – ер мерейі» деген сөзі бар. Өзінің туып-өскен жері үшін, елі үшін еңбек еткен әр адамның еңбегі еленуі тиіс, – деді әкім өз сөзінде. – Халық тарапынан бағасын алуы керек. Бұл біздің елдігімізді көрсететін дүние. Елбасымыз Жолдауларында үнемі еңбектің мәртебесін көтеруге баса назар аударып отырады. Еңбек адамның беделін асқақтатуға, адал еңбектің нәтижесін көруіне аса зор мән береді.

Оңтүстікте жыл үздіктері марапатталды

Айта кету керек, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс әкімінің «Жылдың ең үздік әні» арнайы номинациясы тағайындалды. Аталған номинациямен биыл өткен іс-шараларда ең көп орындалған «Тәуелсіздік» және «Мәңгілік ел үшін» әнінің авторлары композитор Айжігіт Асанов, сөзін жазған Саттар Қуашбаев және Базарбек Түкібаевтар марапатталды.

Оңтүстікте жыл үздіктері марапатталды

Салтанатты жиын театрландырылған көріністер мен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Мерекелік шара барысында түрлі номинациялар бойынша өз саласының шеберлері құрметтелді.

Оңтүстікте жыл үздіктері марапатталды

Сонымен, жыл үздіктерімен таныстыра кетсек:

«Жылдың үздік мәдениет және өнер мекемесі» – Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі;
«Жылдың үздік композиторы» – Әлімбай Түгелбайұлы Ботақараев;
«Жылдың үздік көркем өнерпаздар ұжымы» – «Отырар» халық театры;
«Жылдың үздік әртісі» – Галина Александровна Петриченко;
«Жылдың үздік әншісі» – Диана Равильевна Хашимханова;
«Жылдың үздік ақыны» – Рахым Базаргелдіұлы Балабиев;
«Жылдың үздік жазушысы» -Кұралбек Жолдасұлы Ергөбеков;
«Жылдың үздік журналисі» – Ғалымжан Қамытбекұлы Елшібаев;
«Жылдың үздік суретшісі» -Құттыбек Тыныбекұлы Жақыпов;
«Жылдың үздік ғалымы» – Рахымберді Сарсекұлы Ташменов;
«Жылдың үздік мектебі» – Шымкенттегі З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицей;
«Жылдың үздік колледжі» – Инновациялық-технологиялық колледж;
«Жылдың үздік ұстазы» -Роза Жұмабекқызы Өрнекешова;
«Жылдың үздік сынып жетекшісі» – Гүлнұр Қанатбекқызы Нұрымбетова;
«Жылдың үздік тәлімгері» – Алмас Шүлезбайұлы Халықов;
«Жылдың үздік тәрбиешісі» – Алия Әлімханқызы Мырзабаева;
«Жылдың үздік медицина мекемесі» – Облыстық №4 перинаталды орталығы;
«Жылдың үздік дәрігері» – Шардара аудандық емханасының дәрігер-педиатры Тұрсынкүл Мамедова;
«Жылдың үздік санитарлық дәрігері» – Фархад Мехманұлы Сидикалиев;
«Жылдың үздік мейірбикесі» – Гүлзада Рахматуллақызы Танағұлова;
«Жылдың үздік туристік ұйымы» – «Жаңа талап» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шымкент қаласы;
«Жылдың үздік спорт мекемесі» – Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыр атлетикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі;
«Жылдың үздік спортшысы» – Жазира Әбдірахманқызы Жаппарқұл;
«Жылдың үздік жаттықтырушысы» – Рашид Рахманұлы Төлегенов;
«Жылдың үздік құрылыс мекемесі» – «Нүрі-Л-Жетісай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Мақтаврал ауданы;
«Жылдың үздік құрылысшысы» – Юрий Иванович Кирпичкин;
«Жылдың үздік жол құрылыс мекемесі» – «Әлем транс жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
«Жылдың үздік жол құрылысшысы» – Станислав Викторович Бугаев;
«Жылдың үздік энергетигі» – Ерлан Дүйсенұлы Шалбаев;
«Жылдың үздік коммуналды шаруашылық қызметкері» – Бақтияр Тоймасұлы Секеров;
«Жылдың үздік ауылы» – Түлкібас ауданының Азаттық ауылы;
«Жылдың үздік ауласы» – Кентау қаласындағы С.Сейфуллин көшесінің №99, 103, 105, 105 а және 107 үйлері;
«Жылдың үздік жолаушылар көлігі кәсіпорны» – «Green Bus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
«Жылдың үздік жүргізушісі» – Ерлан Төлегенұлы Қасымбеков;
«Жылдың үздік сәулетшісі» – Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаев;
«Жылдың үздік жас сәулетшісі» – Мұхтар Бекмұрзаұлы Арынғазиев;
«Жылдың үздік архивисі» – Әсем Асылбекқызы Нұрсейітова;
«Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері» – Ольга Васильевна Быкова;
«Жылдың үздік қамқоршысы» – Әмина Абдуғалиқызы Әлімбаева;
«Жылдың үздік кәсіпкері» – Нұралы Алмаханұлы Абишов;
«Үздік өнеркәсіп кәсіпорны» – Рустам Шамильевич Байгарин;
«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласында үздік кәсіпкер» – Талғат Жүнісбекұлы Исхаков;
«Үздік инновациялық жоба» – Сергей Валериевич Хегай;
«Жылдың индустриялды жобасы» – Уалихан Бауыржанұлы Ахметов, «KARLSKRONA LC AB» ЖШС директоры;
«Жылдың үздік экспорттаушысы» – Мұрат Қалмұрзаұлы Тағаев;
«Жылдың үздік инвесторы» – Марат Сұлтанбекұлы Қалдыбаев;
«Үздік жас кәсіпкер» – Ахмет Есенгелдыұлы Утепбаев;
«Жылдың үздік жұмыс берушісі» – Сейдулла Ильясұлы Қожабаев, Кентау трансформатор зауытының директоры;
«Жылдың үздік әйел-кәсіпкері» – Гүлнара Жолдыбаева;
«Белсенді қаржы институты» – «Қазкоммерцбанк» АҚ ОҚОФ, директоры Артур Елубайұлы Таскарин;
«Үздік жергілікті тауар өндіруші» – Кұдырет Тілеубергенұлы Кұдайбергенов;
«Кәсіпкерлікті қолдау бойынша үздік әкімдік» – Отырар ауданы.

Оңтүстікте жыл үздіктері марапатталды