Оңтүстіктің балғындары Президент сыйлығын алды

Шымкентте президенттік жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Қалада 200-ге жуық балаға арналған жаңа жыл мерекесі өтті. Жетім және көп балалы отбасыдан шыққан бүлдіршіндер алдымен ертегі әлеміндей мерекелік кештің куәсі болды.

Оңтүстіктің балғындары Президент сыйлығын алды

Оңтүстіктің балғындары Президент сыйлығын алды

Оңтүстіктің балғындары Президент сыйлығын алды

Мерекеге жиналған балғындар сонымен қатар телеэкран арқылы Елбасының құттықтауын тыңдады. Қуанышымен қатар келетін мерекеде балаларға Елбасының атынан сый-тартулар, планшет пен жылы сырт киімдер үлестірілді.

Оңтүстіктің балғындары Президент сыйлығын алды

Оңтүстіктің балғындары Президент сыйлығын алды

Ал облыс әкімі Қазақстанның 11 миллионыншы қазағы, Қазығұрт ауданының тумасы Мұхтар Әбдірахымов пен 17 миллионыншы тұрғыны, Сайрам ауданынан келген Алтынбек Асқараевқа сыйлық табыстады.

Оңтүстіктің балғындары Президент сыйлығын алды

Гүлмира Сапарбаева, Қазақстанның 17 миллионыншы тұрғыны Алтынбек Есқараевтың анасы: «Мен ұлымды 2013 жылы өмірге әкелдім. Ал екі айдан кейін Қазақстанның 17 миллионшы тұрғыны ретінде тіркелгенімізді айтып, қуанышты хабар жеткізді. Өте қуаныштымыз! Біз үшін күтпеген жаңалық болды. Бұл ерекшелік баламның өмірінде де орын алса екен деймін. Ал бүгін президенттік шыршаға арнайы шақырып, сыйлықтарын табыстады. Қуанышымыз еселене түскендей. Барлығына рахметімізді білдіремін!»

Оңтүстіктің балғындары Президент сыйлығын алды

Айта өтейік, аталған мереке облыс бойынша 4000 баланы қамтиды. Ол үшін бюджеттен 16 миллион теңге бөлінген.

Оңтүстіктің балғындары Президент сыйлығын алды