Облыстық мәслихаттың депутаттары бюджетті талқылады

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 9-сессиясы өтті. Депутаттар республикадан бөлінген нысаналы трансфертті бөліп, жылды қорытындылады. Халық қалаулыларының айтуынша, күнгейде ілгерілушілік бар. Оған Оңтүстік өңірі жұртшылығының тұрмысы жылдан жылға жақсарғаны куә дейді депутаттар.

Облыстық мәслихаттың депутаттары бюджетті талқылады

2016 жылға арналған облыс бюджетінің көлемі республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен жалпы 484 миллион теңгеге ұлғайды. Қаржының басым бөлігі қаладағы нысандарды инфроқұрылыммен қамтуға жұмсалады. Республикалық бюджет есебінен туберкулез, жұқпалы аурулар, В және С гепатиті, диабет созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі бар науқастарды емдеу тәсіліне өзгерістер енгізілуіне байланысты дәрімен қамтамасыз ету үшін, халықтың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен, балаларға арналған емдік тағамдардың арнаулы өнімдерімен қамтамасыз етуге қосымша 66,5 миллион теңге бағытталды.

Жергілікті билік пен халық арасындағы қарым-қатынасты қала, аудандардағы үкіметтік емес ұйымдар нығайта түседі деген сенім бар. Тек белсенді азаматтардың бастамаларына үкімет тарапынан қаржылай көмек болса болғаны.

Қоғамға ортақ тағы бір өзекті мәселелердің бірі — отбасындағы зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, жалпы, отбасындағы тәрбие. Алтыншы шақырылымдағы облыс мәслихатының құрамындағы жалғыз әйел Рәшкүл Оспанәлиева отбасының керегесі мықты болса. мемлекетіміздің іргетасы да берік болады дейді.

Биыл жақсы бастамаларға толы болды. Сарыағаштық халық қалаулыларының Солтүстік Қазақстан облысы жерін игеру, қоныс аудару идеясынің өміршеңдігі тек қуантады.

Сессияның соңында өңіріміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан депутаттар тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР