Полицейлер тәуелсіздік күнін атап өтті

625
Полицейлер тәуелсіздік күнін атап өтті

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай департамент басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ ішкі істер органдары ардагерлерінің қатысуымен салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Полицейлер тәуелсіздік күнін атап өтті

Салтанатты шараны департамент бастығының орынбасары Сұңғат Тленшин құттықтау сөзімен ашты. Баяндамада тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктерін, Елбасы басшылығымен жасалған қоғамдық тұрақтылық пен өркендеудің бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде еліміздің өркендеп отырғанын тілге тиек еткен атап өткен полиция полковнигі ел тәуелсіздігінің нығаюында ішкі істер органдарының қосқан үлесі де зор деді.

Полицейлер тәуелсіздік күнін атап өтті

Құқық бұзушылықпен, қылмыспен күресуде полиция қызметкерлері кәсіби біліктіліктерін танытып, қызметіне адал болуда. Бұл орайда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауда тәуелсіздік жылдарында қызмет барасында қаза болған 20-дан аса полиция қызметкері келер ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ.

Полицейлер тәуелсіздік күнін атап өтті

Мерекелік іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті сақтауда, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ішкі істер департаментінің 25 қызметкеріне салтанатты түрде Қазақстан Президентінің жарлығымен «Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медалі табысталды. Олардың қатарында штаб басқармасының бастығы, полиция полковнигі Б.Селтанов, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі У.Жәнібеков, тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Н. Жалғасов және тағы басқа қызметкерлер бар.

Полицейлер тәуелсіздік күнін атап өтті

Сондай-ақ, ішкі істер министрінің бұйрығымен 200-ден астам полиция қызметкері департамент бастығының бұйрығымен марапатталды. Ал кезектен тыс полиция полковнигі шені көші-қон полиция басқармасының бастығы Нұрдаулет Төлегенұлына берілді.

Полицейлер тәуелсіздік күнін атап өтті

Сонымен қатар, тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 26 қазан мен 11 қараша аралығында өткен «Шығармашыл полицей» байқауының жеңімпаздары да марапатқа ие болды. Байқаудың негізгі мақсаты қоғамда полиция имиджін көтеру, тәртіп сақшыларының Отанға, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, мәдени тұрғыда дамыту болатын. Байқау нәтижесі бойынша 6 полицей, яғни үздік деп танылған мақала авторлары грамоталармен марапатталды.

Полицейлер тәуелсіздік күнін атап өтті

Салтанатты жиын соңы облыстық эстрада жұлдыздары мен өнерлі жас полицейлердің мерекелік концертімен жалғасты.

Полицейлер тәуелсіздік күнін атап өтті

Полицейлер тәуелсіздік күнін атап өтті