Прокурорлар өзін-өзі өртеу оқиғасына түсінік берді

Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорлары өзін-өзі өртеу оқиғасына түсінік берді.

Шымкент тұрғыны өзіне-өзі өрт қойды«ОҚО-да өз-өзін өртеген азамат туралы. Бүгін, 22 желтоқсан күні сағат 15:00 шамасында ОҚО прокуратурасы ғимаратының алдында азамат Н.Айнабеков ешқандай талап қоймастан, өзімен бірге алып келген жанар-жағармайды денесіне құйып, жағып жіберді» делінген хабарламада.

«Маңайдағы адамдар дереу көмек беріп, отты сөндірді. Алдын ала мәлімет бойынша, Н.Айнабеков өзіне қатысты қозғалған қылмысты іс бойынша ПБ-нің іс-әрекетіне наразылығын білдірген. Оның үстінен қылмысты кодекстің 4 бабы бойынша (алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау, жала жабу, сөз тасу, т.б) іс қозғалған.

2016 жылдың 18 қарашасында Әл Фараби ауданы прокуратурасымен Айнабековке қатысты қылмысты іс айыптау актісімен сотқа жолданған. 2016 жылдын 12 желтоқсанда бірінші сот процесі өтті. Дегенмен, сотталушы Айнабековтың қорғаушысының сотқа келмеуіне байланысты сот отырысы 22 желтоқсанда, сағат 15:00-ге тағайындалған. Қазіргі таңда М.Айнабеков ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Істің мән-жайы анықталып жатыр. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады» деп жазады прокуратураның баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР