Прокурорлар балабақшадағы былықтарды анықтады

395
Прокурорлар балабақшадағы былықтарды анықтады

Оңтүстікте бір бала бірнеше балақшаға барады. Облыста кей мектепке дейінгі мекемелер осылайша мемлекет қаржысын талан-таражға салып отыр. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен баспасөз жиынында айтылды. Қадағалау органының өкілдері жыл басынан бері тиісті тексеру кезінде әлеуметтік-экономикалық салада 4,5 мыңнан аса заң бұзушылықты анықтадық деп отыр.

Прокурорлар балабақшадағы былықтарды анықтады

Жыл басынан бері тиісті тексеру кезінде мемлекет пайдасына 2 миллиардтан астам теңгені, шамамен осынша соманың мүлкін қайтардық дейді прокурорлар. Нәтижесінде 180 мың азаматтың құқығы қорғалып, 5 мыңға жуық тұлға түрлі жауапкершілікке тартылыпты. Айтуларынша, пысықайлар ұлттық қордың қаржысын да оңды-соңды пайдаланып, екі асап қалғысы келген.

Жемқорлықтың былығы балабақшаларды да жайлаған. Бюджет қаржысының жұмсалуын қадағалаған прокурорлар бір баланы бірнеше нысанның тізімінен тауып алып, осы мақсатқа бөлінген 4,5 млн. теңгенің талан-таражға ұшырағанын әшкерелеп отыр.

Айта кетейік, монополияларға қарсы заңның орындалуын қадағалау мақсатында жүргізілген тексеру негізінде облыс прокурорының ұсынысымен 170 мыңға жуық абоненттің электр энергиясын пайдаланғаны үшін 14 млн. теңгелік төлемі қайта есептелген. Қадағалау органы қызметкерлері салық саласы да заңсыздықтардан ада емес дейді.

Біздің аймақ оқиғалар саны жағынан оқыс оқиғалар кезіндегі өлім көрсеткіші жағынан Алматы қаласынан кейін 2-орында тұр. Бүгінде бұл мәселе де прокурорлар назарында. Олар «Қауіпсіз жол» өңірлік жобасы аясында бүгінде жол-көлік оқиғаларын 4,3 пайызға төмендеттік деп сендіреді.