Сайрам ауданында балабақша ашылды

Тәуелсіздік керуені Сайрам ауданын аралады. Насихат тобы жұртшылыққа мәңгілік ел жалпы ұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын дәріптеп, тәуелсіздік тойы қарсаңында бірнеше нысанды ашып берді.

Сайрам ауданында балабақша ашылды

Аудан әкімі бастаған зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен ауыл билері алдымен аудандағы жалпы орта мектептердің біріне келді. Жерлестерін тәуелсіздік меркесімен құттықтап, патириоттық идеясының құндылықтарын дәрітеді. Соңғы ширек ғасырда сансыз баптар мекенінде атқарылған ауқымды шараларды сөз етті. Мерекелік концерттік шарада жастарды елжандылыққа тәрбиелейтін ән мен жыр әуеледі.

Аудан әкіміне ілескен керуен мүшелері бұл күні тәуелсіздік тойына тарту етіп бірнеше нысанды салтанатты жағдайда табыс етті. Мектеп жанынан ашылған спорт алаңы жас өскіндердің игілігіне тапсырылды. Сондай-ақ 150 орындық балабақша да тәуелсіз елдің бақытты ұрпағы үшін қыз етететін болды.

Зухра Әбдезова — балабақша кезегін көп күткен ата-аналардың бірі. Жекемекеншік мемлекеттік әріптестік аясында ашылған мектепке дейінгі нысанға енді ол 4 жастағы бүлдіршінін алаңсыз қалдыратын болды.

Ел тәуелсіздігі қарсаңында спорт кешені де есігін айқара ашты. Мұнда спорт сүйер қауым доп теуіп, бос уақытын тиімді пайдалана алады. Замануи талапқа сай бой көтерген нысанда алдағы уақытта жаттығу залдары жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, бүгінде Сайрам ауданында балабақшамен қамту көрсеткіші 75 пайызды құрайды. Соңғы ширек ғасырда сансыз баптар мекенінде 41типтік мектеп пен 75 балабақша іске қосылған. Ырысы артқан мекенде бүгінде ауыз толтырып айтарлықтай жаңалық көп.

Ауданда инфрақұрылым да жақсы дамыған. 42 елдімекеннің 41-інде ауызсу тәулік бойы беріледі. 19 ауылдың тұғындары көгілдір газбен қамтылған.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР