Шардараға батқан адамдардың денесі табылды

Төтенше жағдай департаментінің сүңгуірлері Шардараның суға батқан екі тұрғынының денесін іздеуді аяқтады. 31 және 40 жастағы екі азамат 6 желтоқсан күні балық аулауға кетіпті.

Шардараға батқан адамдардың денесі табылды

Содан екі күннен кейін олармен байланыс үзіліп, туыстары өз күштерімен іздеуге кіріседі. Ал құтқарушыларға тек 9 желтоқсан күні өтініш жасайды. 10-ға жуық қайықпен іздеуге шыққан сүңгуірлер марқұмдардың денесін 11 желтоқсан күні жағадан 25 метр жерден тапты.

Шардараға батқан адамдардың денесі табылды

Алдын ала болжамға сәйкес, Шардара су қоймасының орта шеніне жеткен қайық аударылып кеткен.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР