Шымкент — өмір сүруге ең ыңғайлы шаһар

Шымкент — Қазақстандағы қалалардың ішіндегі өмір сүруге ең ыңғайлы шаһар. Бұл жайында тұрғындар арасында сауалнама жүргізген OLX порталы жазып отыр. Шымкент қаласының әкімі осы ақпаратты растап, қаладағы атқарылған тірліктерімен бөлісті.

Жасыратыны жоқ, 25 жылда Шымшаһар адам танымастай өзгерген. Халқының саны миллион адамға жақындапты. Халыққа қажетті әлеуметік нысандар саны екі есеге өскен. Тұрғын үй салу қарқынды дамып келеді. Қаланың аумағы 47 мың гектардан 117 мың гектарға ұлғайды. Бір сөзбен айтқанда, Шымкент қаласы 25 жылдың ішінде еліміздегі қарқынды дамыған қалалардың алдыңғы қатарынан орын алып тұр дейді әкімдік өкілдері.

Нұрлан Жаңабай

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР