Шымкент тұрғыны өзіне-өзі өрт қойды

Шымкентте оқыс оқиға тіркелді. Шенділер мен әкім-қараларға әбден араз болдым деген азамат көптің көзінше өзіне-өзі қол салды.

Шымкент тұрғыны өзіне-өзі өрт қойды

46 жастағы тұрғын Нұркен бүгін прокуратура алдында өзін өртеп жіберді. Бұл хабарлама полицейлерге күндізгі сағат 3-тер шамасында түскен. Бизнесмен прокуратура күзетшілерінің көз алдында баклажкаға құйылған бензинді үстіне құйған. Кәсіпкер бұл әрекетінің мәнісін күні кеше БАҚ өкілдеріне айтып берген болатын.

Шымкент тұрғыны өзіне-өзі өрт қойды

Бірнеше жыл бұрын әкімдік тапсырысы бойынша амбулатория салған азамат құрылыс компаниям жұмысты тапсырғанымен, тиісті қаражатын ала алмай қалдық дейді. Содан бері полиция, прокуратура мен мемлекеттік кірістер қызметкерлеріне бірнеше рет шағым жазғанымен, түк шықпады деп отыр. Ал облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұл азаматтың үстінен қылмысты іс қозғалғанын айтады.

Ауыр жарақат алған азамат қазір ауруханада жатыр. Алдын ала болжам бойынша, оның денесінің 40 пайызын күйік шалған.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР