//
Шымкентте «Қазпоштаның» жаңартылған орталығы ашылды Жаңалықтар 

Шымкентте «Қазпоштаның» жаңартылған орталығы ашылды

Бүгін Шымкентте жаңа форматта жұмыс істейтін пошта бөлімшесі ел игілігіне пайдалануға берілді. Тұтынушыларға қызмет көрсету принциптері жетілдірілген «Қазпошта» АҚ-ның жаңартылған орталық операция учаскесінің ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, ұжым қызметкерлерін заманауи талаптарға сай жабдықталған пошта бөлімшесінің ашылуымен құттықтады.

Шымкентте «Қазпоштаның» жаңартылған орталығы ашылды

– Облысымызда “Қазпоштаның” 20 бөлімшесінің осындай жаңартылған жүйеде жұмыс жасап тұруы компания басшылығының жаңа жыл қарсаңындағы тартуы деп есептейміз, – деді өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы.

Соңғы кездері заманның сұранысына сай өркениетті елдердің үлгісіне өтіп, 160 қызмет түрін көрсетуге кіріскен “Қазпошта” принципін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек ететін 1400-ге жуық маман атқаруда.

Шымкентте «Қазпоштаның» жаңартылған орталығы ашылды

Жаңартылған орталық операция учаскесі клиенттерге қолайлы болу үшін бірнеше аумаққа бөлінген: пошталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғалар үшін операциялық зал, корпоративті клиенттерге қызмет көрсету бойынша орындар, сәлемдемелер супермаркеті, қызмет көрсету орны мен валюта айырбастау орны.

Орталық залда келушілерге қызмет көрсету форматы өзгертіліп, қолайсыз кабиналар орнына сәлемдемелер супермаркеті жұмыс істейді.

Шымкентте «Қазпоштаның» жаңартылған орталығы ашылды

Бұл формат компанияның өндірістік шығындарын қысқартуға айтарлықтай үлесін қосады, тұрғындардың өту қабілетін жоғарлатады, тұтынушылар үшін сәлемдемелерді алу және жіберу уақытын қысқартады.

Айта кетейік, пошталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғалар үшін операциялық зал аптасына 6 күн қызмет жасайды: жұмыс күндері сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін.

Сонымен қатар, аптасына 5 күн корпоративті клиенттерге қызмет көрсету бойынша жеке орындар жұмыс жасайды. Жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Өздігінен қызмет көрсету орнында постаматтар, банкоматтар және төлем терминалдары қойылған. Ал айырбастау пункті аптасына 7 күн жұмыс жасайды – сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін. Сәлемдемелер супермаркеті жұмыс күндері сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күні сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін қызмет етеді.

Бұдан бөлек облысымыздың 10 аудан орталығындағы жаңартылған жедел басқару орталықтары жергілікті тұрғындардың жұмысын жеңілдететін болады. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 43 жаңа көлік пайдалануға берілді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz