Шымкентте бірнеше пәтер тонаған жігіт ұсталды

384
Шымкентте бірнеше пәтер тонаған жігіт ұсталды

Шымкентте пәтер тонаумен айналысып жүрген жас жігіт ұсталды. Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шарасын жүргізу барысында 23 жастағы күдіктіні ұстады. Тергеу кезінде ұсталғанның 20-ға жуық ұрлыққа қатысы бар екені анықталған.

Шымкентте бірнеше пәтер тонаған жігіт ұсталды

Ол иесі жоқ пәтерлерге кіріп, үптеп кетіп отырған. Мұнымен шектелмей, басқа да ұрлық жасаған. Мысалы, таяуда ғана қонақ үйлердің бірінде 31 жастағы жәбірленушінің 130 мың теңге ақшасын ұрлап, қашып кеткен екен. Қазір күдіктінің үстінен іс қозғалып, өзі қамауға алынды.

Шымкентте бірнеше пәтер тонаған жігіт ұсталды

Осыған орай полицейлер пәтер және қалта ұрыларының олжасына айналмай, сақтық танытуға кеңес береді:

– ең негізгісі – өз мүлкіне сақ болып жүру. Үйден шығарда пәтердің есігін және терезесін ашық қалдырмау;

– мүмкін болғанша металл есік, терезе қорғаныштарын қою;

– ақша және бағалы заттарды сенімді жерде немесе сейфте сақтау;

– үйге бөтен адамды кіргізбеу;

– халық толы көлікте, дүкендерде немесе адам көп шоғырланған жерде абай болу;

– қалтада және сөмкедегі заттарға мұқият болу;

– қоғамдық көлікке мініп-түсерде бағалы заттары мен ақшаларына мұқият қарап, артқы қалтада сақтамауды, көлікте ешкімге көрсетпей, сөмкенің немесе ішкі қалтада сақтау;

– Егер де сіз бөтеннің мүлкін ұрлау жайтының жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, 102 нөмірі арқылы полицияға дереу хабар беріңіз.