Шымкентте бизнес-кітапхана ашылды

Шымкентте бизнес өкілдеріне арналған кітапхана ашылды. Онда өз кәсібін бастағысы келгендер үшін құнды кітаптар бар.

Шымкентте бизнес-кітапхана ашылды

«Қаржы табудың жолдары», «Бизнестің мақсаты» және «Супер жады». Бұлар — белгілі психологтар мен қалталы бизнесмендердің кітаптары. Барлығы 50-ге жуық кітаптың көбісі Қазақстанда басып шығарылмайды. Дегенмен, енді шымкенттің оқырмандар үшін қолжетімді. Мұндай бизнес-кітапхана негізін қалау идеясы Алматы менеджмент университетінің түлектеріне тиесілі.

Қайыпбек Қамбаров, «Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы: «Біз, Алматы университетінің алғашқы түлектері, өзара жиналып, кейінгі оқуға түскендерге сыйлық жасауды ұйғардық. Бұл — тек бастамасы ғана.»

Ғазизбек Натбаев, ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары: «Білім алу — бизнес үшін, экономиканың дамуы үшін аса маңызды. Ол жаңа мүмкіндіктер береді. Мына 50 кітаптың көбісі Қазақстанда басып-шығарылмайды. Негізінен орыс тілінде жазылған. Алдағы уақытта қазақ тілінде де басып-шығарылады деп үміттенеміз.»

Университетті алғаш болып 12 кәсіпкер тәмамдап шықты. Олардың арасында құрылыс, мұнай және сүт компанияларының жетекшілері бар. Олар екі жыл бойы алдарына мақсат қойып, бизнесін дамытуды, әдеттегіден өзгеше шешімдер қабылдауды оқып-үйренді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР