Шымкентте газ тарату станциясы жаңаланды

Шымкентте газ тарату станциясы жаңаланды. Оны тамашалауға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары Ғалым Айдосов, бизнес құрылымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Енді соның нәтижесінде қалаға қарасты 21-шағынаудандағы 4000-ға жуық абонент газ тапшылығын тартауы тиіс. Жауаптылар осылай деп сендіреді. Өйткені, жаңа бекетте құбырдың барлығы ауыстырылып, көгілдір отын тәулік бойы автоматты құрылғының көмегімен абонеттерге таратылады.

Шымкентте газ тарату станциясы жаңаланды

Бұл жаңа бекеттің көмегімен енді 4000-ға жуық халық табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Бұл үшін станцияда ескі құбырлар алынып, жаңасы қайта қойылды. Енді 21-шағынаудан тұрғындары алдағы он жылда көгілдір отыннан ешқандай таршылық көрмейді дейді облыс басшысы.

Шымкентте газ тарату станциясы жаңаланды

— «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы қазіргі таңға облыстағы 300 мыңға жуық абонентті газбен қамтып отыр, — деді Жансейіт Қансейітұлы. — Аталған мекеме ұжымы көгілдір отынмен қамтудағы Кеңес үкіметі кезінде салынып, тозығы жеткен құбырларды, қондырғыларды жаңарту арқылы халыққа сапалы газ беру мақсатында соңғы 6 жылда 33 млрд теңге инвестицияға «Шымкент қаласының газ тарату желілерін қайта құру мен жаңарту» бағдарламасын жүзеге асырды. Инвестициялық қаржы есебінен 2390 шақырым газ құбырлары жаңартылған. Нәтижесінде 2017 жылдың 1 қаңтарына құбырлардың тозығы жетуі 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 60%-дан 19 %-ға төмендеп отыр.

Бұл газ қондырғысының қуаты бұрынғыдан қарағанда әлдеқайда жоғары. Әрі автоматтандырылған есептегіш құрылғылары бар. Осының нәтижесінде арнайы орталықтағы диспетчерлер қолданған газдың көлемін, қысымын реттеп отырады. Бір сөзбен айтқанда тұрғындар үшін газ таратын мекемелер үшін тиімді. Енді жауапты басшылар мұндай жаңа бекеттерді қаланың барлық аумағына орнатпақ.

Шымкентте газ тарату станциясы жаңаланды

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша осындай 25 газ тарату станциясы орнатылған. Жыл соңына дейін тағы 18-і іске қосылып, қала аумағының 100 пайызы көгілдір отынмен тәулік бойы қамтамасыз етіледі деген жоспар бар.

Облыс әкімі 2013 жылы Түркістан қаласына №15 автоматты газ тарату станциясының (әрі қарай АГТС), 2015 жылы Бәйдібек, Созақ аудандарын газдандыруға №18 «Шалдар» АГТС құрылысы акционерлік қоғам қаражаты есебінен аяқталып, іске қосылғанын айтты. Нәтижесінде бүгінгі таңда Түркістан шаһары мен Шаян елдімекендері газбен қамтылып жатыр.

2009-2016 жылдар аралығында бюджет есебінен елдімекендерді газдандыру саласына 65 млрд теңге жұмсалып, 203 елдімекенге көгілдір отын жетті. Нәтижесінде 2016 жылдың қорытындысымен қосымша 25 елдімекенге газ қосылып, облыс бойынша жалпы 300 елдімекен (35,5%) немесе 1 755 306 халық (61,8%) табиғи отынмен қамтылғалы отыр.

Шымкентте газ тарату станциясы жаңаланды

Облысымызға «Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» отандық магистралды газ құбыры тартылған болатын. Бүгінгі таңда аталған құбырдың бойындағы облыстың солтүстік-батыс бөлігіндегі 8 аудандағы 248 елдімекенді (684 304 халық) газдандыру мақсатында жоспарланған 7 автоматты газ тарату станциясының (АГТС) төртеуі іске қосылды. Қалған 3 АГТС құрылысын 2017 жылдың 1-жартыжылдығына аяқтау жоспарланып отыр. Осыған орай облысты газдандырудың 2021 жылға дейінгі іс-шарасы әзірленіп, бүгінгі таңда 47 елдімекенді газдандырудың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу басталды. Одан бөлек 2017 жылы да бұл жұмыстарға қаржы қарау жоспарлануда.

Жалпы облыс елдімекендерін газдандырудың іс-шара жоспарына сәйкес, 2017-2020 жылдар аралығында 383 елдімекенді (733 630 халық) газдандыру жоспарланған. Нәтижесінде 2020 жылдың аяғына 683 елдімекенді (80,9) немесе 2,5 млн. халықты (89 %) газдандыру көзделіп отыр.

Ұлттық оператор — «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мамандары 2009 жылдан бері басталған тиісті жұмыстар үздіксіз газ жеткізуді қамтамасыз ету, газ ысырабын азайту, жүйенің өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында қолға алынған. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысын газбен жабдықтаудың техникалық базасын жақсартуға басымдық беріледі. Бұл, өз кезегінде, жаңа газ инфрақұрылымын жасап қана қоймай, тұтынушылар мен жеткізушілер арасында сенімді байланыс орнатып, қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР