//
Шымкентте мәдениет қызметкерлері марапатталды Жаңалықтар 

Шымкентте мәдениет қызметкерлері марапатталды

12 желтоқсан күні Оңтүстікте «Мәдениет және руханият» күні атап өтілді. «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» атты жұлдызды 25 күн акциясы аясында мәдениет қызметкерлерінің еңбегі еленді. Бұл күні өңірімізге ғана емес, бүкіл республикамыздағы мәдениет және руханият саласына сіңірген еңбегі, 25 қоғам қайраткері облыс әкімінің арнайы сыйымен марапатталды.

Шымкентте мәдениет қызметкерлері марапатталды

 

Ауқымды іс-шара Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін шерткен домбырашылардың флэшмобынан басталды. Облыстық мәдениет және өнер мекемелерінің 300 қызметкерінен құралған хордың орындауындағы Шәмші Қалдаяқовтың «Отан» әні де көпшіліктің құлақ құрышын қандырды.

Шымкентте мәдениет қызметкерлері марапатталды

Сонымен бүгінгі салтанатты жиын мәдениет майталмандарын бір марқайтып тастады. Облыс әкімінің 500 мың теңге көлеміндегі арнайы сыйы алдымен елге аты мәшһүр өнер және әдебиет қайраткерлері Асанәлі Әшімов, Дулат Исабеков, Сатыбалды Нарымбетовтерге табысталды. Өңірдің мәдениет және руханият саласында еңбегі орасан Ханбибі Есенқарақызы, Әселхан Қалыбекова, Мархабат Байғұт та өңір басшысының алғысына бөленді.

Шымкентте мәдениет қызметкерлері марапатталды

Шымкентте мәдениет қызметкерлері марапатталды

«Оңтүстік Цирк» ғимаратында өткен шарада облыс әкімі цирк ұжымын 5 жылдық мерекесімен құттықтап, нысанның материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 20 орындық «Mersedes Benz – Sprinter» автокөлігін тарту етті.

Шымкентте мәдениет қызметкерлері марапатталды

Облыстың зиялы қауым өкілдері мен мәдениет қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жазған құттықтау ашық хаты да осында оқылды. Салтанатты шара соңы жүрек тебірентер патриоттық әндер легіне ұласты.

Шымкентте мәдениет қызметкерлері марапатталды

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz