Шымкентте «Мега Оптиканың» жаңа дүкені ашылды

685
Шымкентте

Шымкенттегі «Мега Оптика» желісі қаңтар және ақпан айларына қос бірдей жеңілдік ұсынады. Көзілдіріктер салоны осылайша жерлестерімізге жаңа жылдық тосынсый әзірлепті. Жаңа бөлімшесінің ашылу құрметіне орай әр көзілдірікке 50 пайыз жеңілдік жасалады.

Шымкентте "Мега Оптиканың" жаңа дүкені ашылды

«Мега Оптиканың» жаңа бөлімі Шымкеттегі Республика даңғылы бойында №10 үйде орналасқан. Жаңа бөлім, аты айтып тұрғандай, жаңа өнімдерді ұсынады. Яғни, күннен қорғайтын көзілдіріктен бастап, көздің түрлі дерттеріне арналған түрлерін де табасыз. Бастысы – бағасы қолжетімді.

Мұнда кең талғаммен қатар білікті окулистерден кеңес те аласыз. Көзіңізді тексеріп, сол сәтте ақ дертіңізді анықтап, қажетті көзілдірік немесе линзаңызды таңдап береді. Сондай-ақ оны тағудың ережелерін құнттайды. Мұның бәрі қосымша төлемсіз.

Оңтүстікте «Мега Оптика» желісі он жыл бұрын ашылды. Сол сәттен бері тұтынушыларының сұранысын қанағаттандырып келеді. Сондай-ақ кез келген көзілдірікті арнайы тапсырыс бойынша жарты сағатта әзірлейді. Егер екі көзілдірікті сатып алсаңыз, екіншісін елу пайыздық жеңілдікпен аласыз. Ендеше жаңа жылға өзіңізге әрі жақыныңызға сый жасауға асығыңыз. Сіздерді «Мега Оптика» салоны күн сайын, демалыссыз, таңғы сағат тоғыздан кешкі сағат жетіге дейін күтеді.

*-жарнама негізінде