Шымкентте «Сәукеле» заманауи конференц залы ашылды

Шымкентте заманауи технологиялармен жабдықталған «Сәукеле» ballroom конференц залы ашылды. 700 адам сыятын залда халықаралық және жергілікті деңгейде конференциялар мен тұсаукеесер рәсімдерін, инновациялық көрмелерді өткізуге болады.

Шымкентте «Сәукеле» заманауи конференц залы ашылды

Шымкент қаласының туристік орталық ретінде оң имиджін қалыптастыруда маңызы ерекше ғимараттың ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, туризмді дамыту бойынша тағы да бір қадам жасалғанын атап өтті.

Шымкентте «Сәукеле» заманауи конференц залы ашылды

— Оңтүстіктің туристік саласын дамыту мақсатындағы жұмыс үш бағытта жүргізіліп отыр. Бірінші — қызмет көрсету сапасын жақсарту және туристерді тарту. Екінші — шағын туристік инфрақұрылымды дамыту. Үшінші — туристік жобаларды алға жылжыту. Біз бұл бағыттағы кез-келген жаңашыл жобаны қолдауға әзірміз,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

Шымкентте «Сәукеле» заманауи конференц залы ашылды

Аталған конференц залда «Kebet» заманауи конференц жүйесі мен «Dynacord Cobra-2» саз жүйесі орнатылған. Мұнда 50 азамат жұмыспен қамтылып отыр.

Шымкентте «Сәукеле» заманауи конференц залы ашылды

Сонымен қатар, осы күні аймақ басшысы «Grand Шымкент hotel» қонақ үйінің қасынан салынатын «Фонтан» аквабағының капсуласын салу рәсіміне қатысты.

Шымкентте «Сәукеле» заманауи конференц залы ашылды

Айта кетейік, Қазақстанның туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамалық жобасында  6 туристік кластер құру көзделсе, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту» кластеріне енгізілді.

Шымкентте «Сәукеле» заманауи конференц залы ашылды

Аталған жобаға Түркістан қаласы, Отырар мен Сарыағаш аудандары, Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтары мен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туристік нысандары кіріп отыр.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР