Шымкентте тағы бір аула жаңарды

Шымкентте тағы бір балалар ойын алаңшасы ашылды. Ол заманау талаптарға сай келеді. Айбергенов көшесіндегі №5 үйдің ауласында енді жаңа ойын алаңшасы жарқырап тұр. Тұрғындар бұл қуанышты сәтті 25 жыл бойы күткендерін айтады. Жауапты мамандардың айтуынша, жаңа алаңшанның құрылысына 30 млн теңге жұмсалған.

Шымкентте тағы бір аула жаңарды

Қаланың қақ орталығындағы Айбергенов көшесіндегі бұл көп қабатты үйдің тұрғындары бүгінгідей мұнтаздай таза әрі әсем аулаға оңайлықпен қол жеткізген жоқ. Өз аулаларының кеңес кезінен жөнделмегенін айтып, балаларының ойнайтын жерінің жоғына ашынып, талай рет биліке арызданған. Тіпті өздері сайлаған депутаттарға да өтініштерін жеткізді. Арада төрт ай өткенде тұрғындар көптен күткен армандарының орындалғанына шын жүректен қуанып жүр.

Қазіргі таңда қаладағы 1020 ауланың 829-ында қайта құру жұмыстары жүргізілген. Жыл басынан бері аудан әкімдіктері 80 ауланы абаттандыруды жоспарлапты. Оған бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаражат қаралған. Нәтижесі жаман емес — бір ғана Әл фараби ауданы бойынша 16 алаң абаттандарылады.

Шымкент еліміздегі үшінші қала екені белгілі. Бүгінде шаһарда атқарылып жатқан тірліктер қыруар. Әл Фараби ауданындағы 400 көпқабаты үй ауласының тәуелсіздік жылдары 67 пайызы жаңартылыпты.

Нұрлан Жаңабай

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР