//
Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды Жаңалықтар 

Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен Шымкентте мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бір тәулікте 600 адамның құжатын рәсімдеп бере алатын орталықта 120 адам қызмет етеді.

Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

Енді тұрғындар автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін алуға қатысты барлық мемлекеттік қызметтерді бір мезетте бір кешеннен ала алады. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында теориялық және тәжірибелік емтихандарды тапсыру процестерін автоматтандыру адами факторларды толықтай жойып, оны барынша айқын етуге мүмкіндік береді. Мұнда азаматтардың уақыты үнемделіп, бар-жоғы екі сағаттың ішінде ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруға болады.

Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

– Оңтүстік Қазақстанда 500 мыңға тарта автокөлік бар. Биылғы 11 айдың өзінде 52 мыңға тарта адам жүргізуші куәлігін алған, – деді орталықтың қызметімен танысқан Жансейіт Қансейітұлы. – Осындай үлкен көлемдегі жұмысты жеңілдетіп, жүйелендіру үшін ашылған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет түрлерін жылдам әрі ыңғайлы уақытта рәсімдеп алуға мүмкіндік береді.

Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

Электронды бақылау жүйесі қосылған орталық қызметі толық автоматтандырылған. Мұнда жүргізуші куәлігін алу үшін арнайы медициналық тексеруден өтуге болады. Куәлік алуға ынталылар сынақты осы жерден тапсырады. А, А1, В, В1, С, С1, D, D1 санатты үшін көлік жүргізудегі тәжірибелік емтиханды тапсыруға 3 жеңіл автокөлік, жүк көлігі, 2 автобус және 2 мотоцикл бөлінген. Сынақ нәтижесін техника бақылап бағалайды.

Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

Облыста бүгін бұдан өзге бірнеше жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы іске қосылды. Сайрам ауданының Қарасу ауылы, Рахымов көшесі, 1079 мекенжайында орналасқан мамандандырылған ХҚКО секторында автоәуесқойлар өз көліктерін тек қайта тіркеулеріне болады.

Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

254 мыңнан аса тұрғыны бар Енбекші ауданында да №8 ХҚКО ашылды. Мұнда халыққа мемлекттік қызметтің 530 түрі көрсетіледі. Оның 315-і электронды, 215-і дәстүрлі мемлекеттік қызметтер түрлері болса, 53-і қосымша жоспарланған пилоттық қызметтер. Бүгінде бұл мекемеде 25 қызметкер жұмыс істейді.

Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

Төлеби ауданында ашылған халыққа қызмет көрсету орталығы Леңгір қаласы, Қапал батыр көшесі, 20-ғимаратта орналасқан және 600 ш.м. жерді алып жатыр. Бұл – республика бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ашылған, бюджеттік қаражатқа емес, жеке кәсіпкердің қаражатына салынған алғашқы ХҚКО. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жалға төленетін қаражатты қарастырмайды, бұл дегеніңіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тек коммуналды төлемдерді жүзеге асыратын болады.

Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

Айта кетейік, ХҚКО-лар аптаның алты күнінде, жексенбіден басқа күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz