//
Шымкенттің басты шыршасының шамы жағылды Жаңалықтар 

Шымкенттің басты шыршасының шамы жағылды

Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды. Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы мен шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов бастаған топ орталық Әл Фараби алаңына жиналып, көппен бірге мерекелік шыршаның жарығын жақты.

Шымкенттің басты шыршасының шамы жағылды

Бас шыршаның шамын өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы бастаған топ қуанышты әсермен жақты. Көпшілік Әл Фараби алаңына жұмыла жиналған. Жүздері бал-бұл жайнаған жерлестеріміз жасыл шыршаны қаумалай билеп, жаңа жылдан жомарттықты күтетіндерін жасырған жоқ.

Шымкенттің басты шыршасының шамы жағылды

Дулат Жалайыр, қала тұрғыны: «Өте қуаныштымыз, қазір шыршаның жанына келіп, суретке түсіп жатырмыз. Аяз ата мен қарша қызды көрдік, мен оларға армандарымды айттым. Жаңа жылда сабағымды тек бестік бағаға оқимын деп уәде беремін.”

Айзада Нұрасылова, қала тұрғыны: «Әрине, қой жылы тек жақсылықтар сыйлады. Қаламызда зәулім ғимараттар мен үйлер соғылды. Менің ойымша, алдағы жаңа жыл да табысты болады”.

Шымкенттің басты шыршасының шамы жағылды

Көркем ойыншықтармен безендірілген шыршаның көмкерілуі де ерекше, қызыл-жасыл жарықтармен әспеттелген. Биіктігі — 18 метр, ені 9,5 метрді құрайды. Оның әсемдік жасағы үшін  2250 дана ойыншық ілініпті. Ал осынау мерекелік шараға жүздеген аяз ата мен қарша қыз арнайы қамданып, тұрғындарға 400 өнерпаз мерекелік әсер сыйлады.

Шымкенттің басты шыршасының шамы жағылды

Айта кетейік, қаламыздың орталық алаңдарына қойылған 3 шыршаға қазынадан ешқандай қаржы қаралған жоқ, тек өткен жылғы ойыншықтары ғана жаңартылған. Осылайша жасыл шыршаның жасануы  мен түнгі қаланың безендірілуі үшін жергілікті кәсіпкерлер жомарттық танытып, демеушілік жасапты.

Шымкенттің басты шыршасының шамы жағылды

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz