Шымкенттің бюджеті — 102 миллиард теңге

Шымкенттің 2017 жылғы бюджеті бекітілді. Қалалық мәслихаттың депутаттары бұған дейін бір жеті бойы тұрақты комиссияның отырыстарында келесі жылдың бюджетін егжей-тегжей талқылаған болатын. Нәтижесінде атқарушы билік ұсынған 102 миллиард теңгелік бюджетті депутаттар бір ауыздан қабылдады.

Шымкенттің бюджеті - 102 миллиард теңге

Өткен жылдың желтоқсан айында қабылданған қала бюджеті 64 миллиард теңге болса, биыл ол 102 миллиард теңгеге жетті. Бұл қаржының басым бөлігі, әдеттегідей, білім саласына берілді — 43 миллиард теңге. Ал құрылыс бөлімі қала қоржынының 19 пайызын иеленді. Жол және түрғын үй бөлімдері де қомақты қаржыдан құр қалмады.

Шымкенттің бюджеті - 102 миллиард теңге

Алдағы жылы қаладағы бірқатар білім мекемелеріне спорт алаңдары салынып, мектептердің ауласы қоршалатын болады. Осы мәселені жиі көтеретін депутаттар биыл өз ұсыныстарына қаржыны ақыры бөлдірді.

Бүгін бір ауыздан қабылданған қала бюджетінде әлі бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар болатыны жасырын емес. Соның алғашқысы көп ұзамай алдағы аптада орын алатын болды.

Нұрлан Жаңабай

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР