Шымкенттік өнертапқыштар ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуда

Шымкенттік өнертапқыштар ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуда

Шымкенттік өнертапқыштар ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуда. «Оңтүстік» туристік ақпараттық орталығында жастар көпшіліктің назарына халықаралық мамандандырылған көрмеге арналған өз жобаларын ұсынды. Жоба авторларының кейбірі ЭКСПО-2017 көрмесіне жолдама алуы әбден мүмкін.

Шымкенттік өнертапқыштар ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуда

Политехникалық колледждің ІІІ курс студенті Сұлтан Ғаниұлы биологиялық жолмен метагендік газ алуға болады дейді. Электр механигі мамандығы бойынша білім алатын жастың айтуынша, өзге елдерде әлдеқашан қолға алынған жобаны Қазақстанда да жүзеге асырсақ, жердің шіріндісі мен малдың қиын белгілі бір температурада ашытып, тегін жылу мен жарыққа қол жеткізуге болады.

Сұлтан Ғаниұлы: «Оңтүстікте мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы жақсы дамыған. Сондықтан бұл жобаны жүзеге асыруға толықтай мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын. Мысалы бір үйде төрт сиыр болса, оның ауласындағы егін шіріндісі мен мал қиын жинап, оны шірітіп, метаген газы бөлінеді. Нәтижесінде генератор арқылы жылу алуға болады. Ол жарық үйді, ауланы да жарықтандырып тұрады.»

Шымкенттік өнертапқыштар ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуда

Көрмеде бұған қоса жел генераторы, ғаламтор жылдамдығын жақсартатын оптикалық-талшықты кабель сынды түрлі жобалар ұсынылуда. Колледж және институт студенттері қонақтарды түрлі идеяларымен қызықтыру үшін бар күштерін салыпты. Егер жоба авторларының жұмысы жоғары деңгейде болса, ұйымдастырушылар тарапынан демеушілер табылып, ЭКСПО-2017 көрмесіне жолдама алуы әбден мүмкін.

Ілияс Оспанов, ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары: «Бұл жастардың қолымен жасалған жобаларды біз Астанаға жібереміз. Онда құрылған комиссия мүшелері жүмысты қарап, қорытындысын шығарады. Қажет деп тапқан жағдайда, жобалар ойдағыдай болса, мүмкін оны толықтай жетілдіріп, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға мүмкіндік алуы мүмкін.»

Шымкенттік өнертапқыштар ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуда

Әзірге халықаралық көрмеге Оңтүстік Қазақстан облысынан ұсынылатын бірнеше жоба мақұлданып үлгерген. Оның қатарында мұнай өңдеу зауыты мен Шардарадағы су электр станциясының, сонымен қатар ластаушы буларды тазартуға қатысты жобалар бар.