«Союз меха» көрмесі жалғасуда (видео)

Жаңа жылға таптырмас сыйлықтың бірі — таза теріден тігілген бұйым. Әсіресе, қыз-келіншектер үшін. Мереке қарсаңында ресейлік «Союз меха» фабрикасы шымкенттіктерге керемет тондар мен ішіктің сан алуан түрін ұсынуда. Ол үшін өзге елге бару қажет емес. Қаламыздағы «Көрме» орталығында ішіктердің жаңа топтамалары сатылымға шықты.

"Союз меха" көрмесі жалғасуда*

Қаракүзен, бұлғын, мутон мен түлкі терісі. Таза теріден тігілген 5000-ға жуық тон. Нағыз сәнқойлар үшін керемет мүмкіндік. Көрме орталығына барсаңыз, таңдау көп. Бастысы, талғамыңыз жоғары болсын. Мұнда кез келген жан өзіне қажетті ішіктерге тиімді бағада қол жеткізе алады. Осы мүмкіндікке көз жеткізгендердің бірі — Нұрипа Ауылбекова. Айтуынша, мүндағы тондардың тігісі жатық, фурнитурасы орнықты, түктері ұнамды.

Нұрипа Ауылбекова, сатып алушы: » Өткен жылы өзіме сыйлық жасамақ болып, тон сатып алуды жоспарладым. Бүгін сәті түсті. Мүнда қалауыңызға сай таңдау көп екен. Әрине, бір емес, бірнешеуін алғың келеді. Бірақ өз таңдауымды жасадым. Қуаныштысы, сол маған теріден тігілген бас киімді сыйлыққа қосып берді.»

Ендеше, өзіңізге немесе жақыныңызға жаңа жылдық бағалы сыйлық жасау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Бұл көрмеден тек тондардың қарапайым үлгілері емес, түрлі түсті, табиғи және боялған түрлерін де таба аласыз. Қаржыңыз қалауыңызға сай келсе, дене бітіміңізге жарасымды 38 және 74-ші өлшем аралығындағы бұйымдарды табасыз. Әр сатып алушыны керемет тосын сыйлықтар күтіп тұр.

Қиялыңыздағы ішіктерге қол жеткізудің де бірнеше жолы бар. Қаласаңыз несиеге рәсімдеп, үстемақысыз бөліп төлеуге де болады. «Союз меха» көрмесі Нұрсәт шағынауданындағы «Көрме» орталығында 8 қаңтарға дейін жалғасады.

Жарнама негізінде.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР