Судьялар балалар үйіне мереке сыйлады

306
Судьялар балалар үйіне мереке сыйлады

Шымкенттегі №4 балалар үйінде жаңа жылдық шырша жағылды. Әлеуметтік мекеменің тәрбиеленушілерін облыстық соттың судьялары құттықтап келді. Аға-әпкелері ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сот өкілдері бұл мекеменің балаларын 4 жылдан бері қамқорлығына алған. Осы уақыт аралығында осында өтетін көптеген іс-шаралардың ұйымдастырушысы болып келген сот ұжымы бүгін де бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Аға-әпкелері мерекелік іс-шараға арнайы концерттік бағдарлама дайындап, балаларға сый-сиапаттарын ұсынды.

Судьялар балалар үйіне мереке сыйлады

Бүгінде №4 әлеуметтік мекемеде 90 бала тәрбиеленуде. Сот өкілдері балалар үйіне тек қана мерекелерде емес, жоспарлы түрде келіп, мұндағы бүлдіршіндерге көмек көрсетіп тұрады екен. Әсіресе материалдық жабдықтау мәселесіне ерекше көңіл бөлетіндерін жеткізді.

Судьялар балалар үйіне мереке сыйлады

Осылайша жаңа жылдық мерекені атап өткен балалардың көңіл-күйі ерекше. Олардың қуанышына ортақтасуға Аяз ата да келген. Балғындар ән салып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.

Жанерке Хұмар