«Түркістан өлкесіндегі ойран» кітабы жарыққа шықты

Оңтүстікте Қазақ тарихының қойнауынан сыр шертер кезекті туындының тұсаукесері өтті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында жазушы Момбек Әбдіәкімұлының «Түркістан өлкесіндегі ойран» кітабы көпшілікке таныстырылды. Шығармада Қазақстанның Оңтүстіктігінде болған сәттерге ерекше мән беріліп, бұрын жарық көрмеген тарихи фактілер басылып шыққан.

"Түркістан өлкесіндегі ойран" кітабы жарыққа шықты

«Түркістан өлкесіндегі ойран» кітабын автор Момбек Әбдіәкімұлы 1916-1937 жылдардағы Ташкент пен Шымкент өңірінде орын алған оқиғаларды архивтерде сақталған деректерге сүйене жазған. Деректі кітап бас кейіпкерлер Мамажан Сартаев пен оның досы, ел сүйіктісі Парманқұл Алдабергеновтың репрессия кезеңінде тап болған ауыртпалықтарын суреттеуден басталады. Шығармада 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы ел білмейтін деректер бар дейді оқырман.

"Түркістан өлкесіндегі ойран" кітабы жарыққа шықты

Жазушы Мамытбек Қалдыбай өз мақаласында автордың тарихи деректерді ұтымды пайдалағанына тоқталған. Ғалымдардың айтуынша, мұсылмандарға қатысты қатаң шара қолдану жайлы бұйрықтардың Өзбекстан архивтерінен табылған, өзгермеген нұсқаларының кітапқа басылуы — шығарманың құнын арттырған аса тың да өте бағалы дерек.

1916 жылғы зұлмат уақытында Оңтүстік өлкесінде қанша адамның опат кетіп, қанша азаматтың атылып, дарға асылғанын Мамажанның есептеуімен кітапта сипатталғаны оқып отырған адамды бей-жай қалдырмайды.

Бас кейіпкер Мамажан Сартаевтың өмірлік жолы арқылы кітапта 1924 жылы Түркістан Советтік Социалистік Республикасы тараған кезде Ташкент қаласы үшін қазақ және өзбек басшыларының тартысы жайлы мағлұматтарда бұл құбылыстың қарсы жақтың пайдасына қалайша шешілгені нанымды түрде берілген. Бұл — көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар үшін тосын дерек болғалы тұр.

Кітаптың құндылығы, өскелең ұрпақ үшін маңыздылығы ескеріліп, туынды желісі бойынша көркем фильм түсірілетін болды. Тарихымызды білмей, келешегімізді болжай алмаймыз дейді зиялы қауым өкілдері. Сондықтан да халқының азаттығы үшін құрбан болғандарға бас иіп, бүгінгі Тәуелсіздігіміздің қадіріне жетейік деп тарқасты жамағат.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР