Түркістандықтарға табиғи газ берілуде

Халықаралық маңызы бар «Бейнеу-Бозой» магистралды газ құбырының шарапатын көрушілер қатарында түркістандықтардың да саны артып келеді. Соның ішінде көгілдір отынның келуін асыға күткен қала жұртшылығына ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында қуанышты хабар жетті.

Түркістандықтарға табиғи газ берілуде

Ол – қала тұрғындарын газбен қамтуға бағытталған бірінші кезең бойынша желілік газ құбырлары құрылысының аяқталуы болатын. Жобаны іске қосу үшін Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев, қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев және «ҚазТрансГаз» АҚ Оңтүстік өндірістік филиалы басшысының орынбасары Е.Юсупалиев түркістандықтарға ыстық лебіздерін жеткізіп, газ құбырын іске қосты.

Түркістандықтарға табиғи газ берілуде

Құрылысы 2015 жылы басталған жобаға облыстық бюджет есебінен жалпы сомасы 1 млрд 120 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда шаһардағы «Сауран» шағынауданына толығымен газ тарату жүйелері жүргізіліп, жеке тұрғын үйлерге газ кіргізу жұмыстары жалғасуда.

Жоба бойынша аталған шағынаудан аумағындағы 7500 абонент табиғи газбен қамтылуы тиіс болса, бүгінгі күнге дейін 500-ге тарта абонентке табиғи газ кіргізілген. Алдағы күндері қалған абоненттерді газдандыру жұмыстары жалғасын таппақ.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР