//
Төлебиде екі медициналық нысан ашылды Жаңалықтар 

Төлебиде екі медициналық нысан ашылды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Төлеби ауданы Көксайек пен Қаратөбе ауылдық округінде екі фельдшерлік акушерлік пункт ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл денсаулық сақтау мекемелері Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы «Азия мұсылмандары комитетінің дүниежүзілік қайырымдылық қоры» демеушілігімен салынып отыр.

Төлебиде екі медициналық нысан ашылды

Әлеуметтік нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне Кувейттің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі доктор Тарек Абдулла Аль-Фарадж мырза мен аудан әкімі Б.Парманов қатысты. Биылғы шілде айында құрылысы басталған ФАП-қа 19 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған.

Төлебиде екі медициналық нысан ашылды

Денсаулық сақтау мекемесі 800-ден астам халыққа алдыңғы қатарлы медициналық қызмет көрсететін болады. Бүгінде аудандағы денсаулық сақтау саласында 2 аурухана, 10 отбасылық дәрігерлік амбулатория мен 24 фельдшерлік-акушерлік пункт және 16 дәрігерлік пункт 118 мыңға жуық аудан халқына мінсіз қызмет жасауда.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz