«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Түлкібас ауданына келді

473
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Түлкібас ауданына келді

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Түлкібас ауданына келіп жетті. Топ құрамында заңгерлер, дәрігерлер, министрлік қызметкерлері және ұлттық компанияның өкілдері бар. Штаб мүшелері халыққа құқықтық, медициналық кеңес беріп, мемлекеттік бағдарламалардың бағытын түсіндірді.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Түлкібас ауданына келді

Бұл – сапарын Астанадан бастаған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының 25-аялдамасы. 1 қарашада жолға шыққан отарбаны 110 мың халқы бар аудан тұрғындары ерекше ықыласпен қарсы алды. Алаулатып-жалаулатып, келген жолаушы қонақтардың көңілін әуелеген әнмен аулады.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Түлкібас ауданына келді

Ақ халаттылардың көмегіне жүгінгендердің қарасы көп. Оның ішінде науқас балаларын ерте келген ата-аналар да аз емес. Делегацияның құрамында 270 адам, олардың 70-тен астамы -медицина қызметкері.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Түлкібас ауданына келді

Алыстан ат арылта келген дәрігерлерге тексерілуге келгендердің бірі – Қасымбек Бейсенұлы. Осыдан 20 жыл бұрын аяғына ота жасатқан жігіт ағасы соңғы кездері денсаулығым жиі сыр беретін болып жүр дейді. Жергілікті дәрігерлер тағы да операция жасау қажет деп тауыпты. Алайда жасы егде тартқан науқас оған келісуге жүрексініп отыр.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Түлкібас ауданына келді

Алматыдан келген эндокринолог маман Лаура Маратқызының қабылдауына жазылғандар көп. Дәрігердің айтуынша, медициналық көмек алуға келгендердің арасында қант диабетіне шалдыққан және қалқанша безі қабынғандар жетерлік. Маман дерттің бұл түрлері бүгінде жасарып бара жатыр деп алаңдайды.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Түлкібас ауданына келді

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық акция аясында әлеуметтік, құқықтық көмектер де көрсетілді. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салалары бойынша қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылды. Ал Төребек Жүзімбеков мұнда бауырының сенімхатын арқалай келіпті. Айтуынша, қарындасы 3 жылдан бері баспана кезегінде тұрады. Алайда, қуғын-сүргін құрбанының немересі әлі күнге тиелісі тұрғын үйіне қол жеткізе алмай келеді.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Түлкібас ауданына келді

Министрлік өкілдері азаматтың шағымын қарап, тап осы жерде тиісті сала басшыларына шақырды. Баспанаға мұқтаж жанның мәселесін оңтайлы шешуді жергілікті билік өкілдеріне тапсырды.

Соңынан штаб мүшелері бүгінгі шараны қортып, журналистерге арнайы брифинг ұйымдастырды. Айтуларынша, осыған дейін 5 мыңнан аса азаматты қамтыған бұл акция кезінде 9 мыңнан аса тұрғын медициналық, 7 мыңдай азамат түрлі құқықтық кеңес алыпты. Тіпті кей жерлестеріміз қолданыстағы заңнамаларға көңілі толмайтынын жеткізіп, өз ұсысыныстарын айтқан.

Ал ертең жылжымалы көмек керуені Түркістанға жол тартады. Осылайшы 1,5 айдың ішінде пойыз еліміздің 35 елдімекенін аралап шығады.