//
Жағармай станциясындағы жарылыстың себеп-салдары тексерілуде Оқыс оқиға 

Жағармай станциясындағы жарылыстың себеп-салдары тексерілуде

Шымкентте жағармай құю барысында болған жарылыстан зардап шеккен екі адам ауыр халде әлі ауруханада жатыр. Дәрігерлер күйік шалғандарды аман алып қалуға барынша тырысуда. Еске салайық, кеше түнде жағармай шығаратын зауыттың құю станциясында тұрған Камазда жарылыс болған. Соның салдарынан оператор – 25 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Жағармай станциясындағы жарылыстың себеп-салдары тексерілуде

Оқыс оқиға кешкі сағат тоғыз шамасында болған. Цистернаға май құю барысында сұйық отын сыртқа төгіліп, бірден жалынды жарылыс болды. Кенеттен шыққан өрттен екі адамның денесін күйік шалып, оператор жігіт сол жерде мерт болған.

Нұрдаулет Молданиязов, ОҚО ТЖД бас маманы: “20 желтоқсан күні Шымкент индустриялдық аймағында Қапал батыр көшесі №5 ғимаратта Hill корпорейшн ЖШС-де өрт оқиғасы орын алған. Өрт шамамен сағат 20:09-де болған. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінен 10 техника, 45 жеке құрам жұмылдырылды.”

Камаздан төгілген май 72 шаршы метрге жайылған. Зауыттың тағы бір жұмысшысы мен жүк көлігінің жүргізушісі жоғарғы қысымды оттегімен емдеу орталығына жеткізілген.

Жағармай станциясындағы жарылыстың себеп-салдары тексерілуде
Икрам Төлеев

Икрам Төлеев, Т.Орынбаев атындағы облыстық жоғарғы қысымды оттегімен емдеу орталығы бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары: “Зардап шеккендердің жағдайы өте ауыр. Екеуі де дене бөлігінің көп жерін күйік шалған. Біреуінде денесінің 35 пайызы күйген. Екінші науқаста 95 пайыз күйген. Бірақ күйіктің тереңдігін әзір айту қиын. Енді бір-екі күннің шамасында қайтадан таңған кезде оны байқауға болады. Әсіресе, бет терісі, көз тұстары қатты күйген. Әзір науқастар күйік шогында жатыр. Жансақтау бөлімшесінде қарқынды терапия алуда. Қажетті дәрі-дәрмектердің бәрі түгелдей жеткілікті.”

Қазір сынақ зертханасының мамандары жарылыстың неден болғанын анықтауда. Ал ішкі істер департаментінің полицейлері қайғылы жағдайға байланысты тексеруді бастап кетті.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz