Жаңа жылдың мерекелік бағдарламасы

722
Отшашу

ОтшашуШымкентте жаңа жыл мейрамын атап өтудің мерекелік бағдарламасы анықталды. 2016 жылдың 31 желтоқсаны күні Әл Фараби алаңында сағат 11:30 бен 14:00 аралығында балаларға арналған таңертеңгілік болады.

Ал сағат 15:00-ден бастап кешкі 18:00-ге дейін – жалпы халықтық серуендеу. Одан кейін қаладағы орта және жоғарғы оқу орындары студенттері әзірлеген концерт болады.

Ал кешкі 19:00-ден түнгі 12-ге дейінгі аралықта шығармашылық ұжымдар дайындаған концерт пен жастарға арналған диско би кеші болмақ. Одан кейін мерекелік отшашу атылады.