//
Жастар қарттарға құрмет көрсетті Жаңалықтар 

Жастар қарттарға құрмет көрсетті

Шымкент экономикалық колледжінің студенттері “Мерей” ардагерлер үйіне арнайы барып, концерт өткізді. Өнерлерін ортаға салған жастарды қарттар құрметпен қарсы алды.

Жастар қарттарға құрмет көрсетті

Бұл жастар өз өнерлері арқылы мұндағы қарттарды қуанышқа бөлемек. Бір сәт көңілдерін сергітіп, мереке қарсаңында ардагерлерге сый жасады. Талантты жастардың қабілеті риза болған аға буын өкілдері жастарға алғысын білдіруде.

Ардагерлер үйіне жиналған жастар бұл кешті жай ғана өткізіп қойған жоқ. Олар әр қарияның көңіліне қуаныш сыйлағысы келді. Бұл мақсаттары орындалды десек те болады. Өйткені қарттар концертті тамашалап қана қоймай, ортада жастармен қатар би биледі.

Айта кетейік, ардагерлерге концерт ұйымдастырғандар – Шымкент экономикалық колледжінің студенттері. Бұл ынталы жастар мұндай шығармашылық кештерін енді балалар үйінде де өткізбек.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz