//
Жаңалықтар 

Жедел жәрдем дәрігерлері дабыл қағады

Күннің суытқанынан емес, адамдардың жауапсыздығынан шаршаған Шымкенттің жедел медициналық жәрдем көрсету стансасының дәрігерлері дабыл қағуда. Шұғыл медициналық қызметкерлер тәулігіне 1500-дей шақырту қабылдап келсе, бүгінде оның саны күрт артып, 2000-ға дейін жетіп отыр. Соның салдарынан шақыртуға кешеуілдеп шығатын мамандар тұрғындарды бұл мәселеге түсіністікпен қарауға шақырады.

Қазір жедел жәрдем стансасына тұрғындар жиі қоңырау шалады. Мұнда кезекшілерде дамыл жоқ. Диспетчерлік бекеттегі мамандар минут сайын шақырту қабылдаумен әлек. Олардың басым бөлігі суық тию, дене қызуының көтерілуі сияқты шағымдар.

Жедел жәрдем стансасының қызметкерлері тұрғындар арасында болмашыға хабарласып, уақыт алатындары көбейген дейді. Бұл шын мәнінде шұғыл медициналық көмекке зәру жандардың арнайы бригаданы ұзақ күтуіне әкеп соғады.

Есіңізде болсын, адамның тәні ауырғанда дәрігерден өзге ешкім көмектесе алмайды. Сондықтан жедел жәрдемнің көмегіне шұғыл жүгінбесе болмайды. Ал болмашыға мазалап, негізсіз қоңырау шалушылар 103 нөмірін терер алдын әбден ойланғаны абзал. Өйткені дәрігерді шақырмай, жеңіл жайтты өзіңіз шеше аласыз немесе емханаға хабарласуға да болады. Осылайша бір адамның өмірін құтқаруып қалуыңыз әбден мүмкін. Ойланыңыз!

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz