//
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы жалғасуда Жаңалықтар 

“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы жалғасуда

Облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері студенттер арасындағы сексуалдық зорлық мәселесіне ден қойды. Осы мақсатта құзырлы орган қызметкерлері оқу орталығындағы жастармен кездесіп, өз құқықтарын қорғау жөнінде түсіндірді. Әсіресе жас қыздарға зорлық көрген жағдайда заңды түрде көмек алу жолдарын үйретуде.

"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы жалғасуда

Айта кетейік, бұл кездесу “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” облыстық акциясы аясында жүргізілуде. Іс-шара барысында мамандар жастар ғана емес, өңір тұрғындарымен кездесіп, құқықтық сауаттылығын арттыруда.

“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” облыстық акциясы одан әрі жалғасын табады. Енді полицейлер шалғай ауылдағы халықпен кездесіп, құқықтық сауат тақырыбын түсіндіреміз деп отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz