//
Қалалық мәслихаттың депутаты сайлаушыларымен кездесті Жаңалықтар 

Қалалық мәслихаттың депутаты сайлаушыларымен кездесті

Аудан әкімдерінің халық алдындағы жылдық есептері аяқталды. Енді жергілікті тұрғындар өздер сайлаған депутаттарымен кездесуге ниет білдіріпті. Алғаш болып Сайрам ауданынан Шымкент қаласына қосылған тұрғын алабының билері жиын өткізді.

Қалалық мәслихаттың депутаты сайлаушыларымен кездесті

Бұл кездесуге 5 елдімекеннің ауыл билері жиналды. Әрқайсысының өздері сайлап, дауыс берген депутатына айтары көп. Кездесуді ұйымдастырған халық қалаулысы өзімен бірге қала әкімдігінің құрылымдық бөлімінің жауапты мамандарын да ерте келіпті. Әр елдімекендегі 3-4 мың тұрғынның атынан сөйлеген билер биліктен жарық, жол және ауызсу мәселелерін шешіп беруді сұрайды. Депутаттар бұл ұсыныстарын билікке жеткізуі тиіс деп санайды.

Қалалық мәслихаттың депутаты сайлаушыларымен кездесті

Бұл жолы көтерілген сауалдардың бәрі Қаратау ауданы әкімінің есептік жиынында айтылған. Сол кездесуге келген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов елдімекендерді мейлінше қалаға жақындатуға бар күшін салуға уәдесін берген еді. Ал көпшіліктің сенімін алған депутат барлық жұмыстар жоспарлы іске асады деп уәдесін берді.

Қалалық мәслихаттың депутаты Нұркөз Жаңабаев бір күнде екі ауылда болып, көпшіліктің талап-тілегін тыңдады. Бұл кездесулер алдағы аптада да жалғасатын болды.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz