//
Қазақ-өзбек байланысы нығаяды Жаңалықтар 

Қазақ-өзбек байланысы нығаяды

Көршілер байланысы нығаяды. Енді Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдан да беки түспек. Ақпан айында қос тарап Ташкент-Жызақ-Самарқан бағытындағы автокөлік жолын қайта қалпына келтіреді.

Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Өзбекстан делегациясымен кездесуінде айтылды. Мұндай шешімдер Самарқанға барар жолды қысқартып қана қоймай, екі ел арасындағы сауда-саттықты нығайта түседі дейді мамандар.

Қазақ-өзбек байланысы нығаяды

Осылайша қос тарап өкілдері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланысты нығайта түсудің жолын қарастырды. Сөйтіп шенеуніктер жуырда бірнше жылдан бері жабылып қалған М39 автомобиль жолын қайта қалпына келтіруге уағдаласты. Осылайша Самарқанға апаратын айналма жол 70 шақырымға қысқарғалы отыр.

Өзбекстан мен Қазақстан өкілдерінің талқылауына түскен бұл бағыттағы жолдың ұзындығы 24,5 шақырымды алып жатыр. Енді осыған дейін Тәшкен арқылы Самарқанға дейін 89 шақырымды жүріп өтетін жолаушылардың шығыны да қысқармақ.

Сонымен, делегация өкілдері барыс-келісті жақындататын автокөлік жолын ақпан айында қайта іске қосу уағдасына қол жеткізді. Бұл бағытта кеден бекеттері де жұмыс істейтін болады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz