//
Әл Фараби ауданының әкімі есеп берді Жаңалықтар 

Әл Фараби ауданының әкімі есеп берді

Еліміздегі үшінші қалаға айналғалы отырған Шымшаһардағы Әл Фараби ауданының әкімі бүгін халық алдында жылдық есебін берді. Бұл аудан қаланың орталығы саналады. Мұнда коммуналды проблемалар біршама жөнге келген деуге болады. Сол себептен болар, есептік кездесуге келген халық әкімнің алдында күнделікті күйбең тіршілік емес, ауқымды мәселелерді көтеруге тырысты.

Әл Фараби ауданының әкімі есеп берді

Бүгінгі есептік кездесуде басты мәселені самалдық тұрғындар көтерді. Себебі, бұл ауданға өткен жылдың күз айында кәріз жүйесін тарту жұмыстары басталған. Құрылысшылар ауа райына да, жауын-шашынға да қарамастан өздеріне жүктелген міндеттерін атқарып жатыр. Алайда қазылған көшелердегі батпақтан көпшіліктің жүріп-тұруы қиындап кеткен.

Әл Фараби ауданының әкімі есеп берді

Самал-2 шағынауданындағы Болашақ және Көрікті көшелері негізі Абай ауданына қарасты. Соған қарамастан шымкенттік шенеуніктер көтерілген мәселеге жауап беруге тырысты. Айтуларынша, мердігерлер бұзылған жолдарды қалпына келтіруге міндетті. Ал күн жылына бюджеттен бөлінген 400 млн теңгеге көшелерге асфальт төселеді.

Жалпы, аудан халқы әкімнің бұл жылдық жұмысын жақсы деп бағалады. Және бүгін көтерілген мәселелер қадағалаусыз қалмаса деген талап-тілектерін айтып тарқасты.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz