You are here
Өзгенің орнына мемлекеттік тест тапсырғандар сотталды Жаңалықтар 

Өзгенің орнына мемлекеттік тест тапсырғандар сотталды

Әл Фараби аудандық сотта 19 адамнан құралған қылмысты топқа үкім оқылды. Оларға бірнеше жыл бойы өзгелердің атынан мемлекеттік қызметке түсу емтихандарын тапсырды деген айып тағылған болатын.

Өзгенің орнына мемлекеттік тест тапсырғандар сотталды

Атышулы істің тергеуі жарты жылға созылды. 11 адам тергеуге барысында көмектескендіктен, олардың ісі тоқтатылады. Ал қылмысты топтың 6 белсендісі жалпы тәртіптегі түрмеге 5 жылға қамалды. Ал ең басты күдікті — ерлі-зайыптылар 7 жылға бас бостандығынан айрылды.

Үкім оқылған айыпталушылардың барлығының мүлкі тәркіленетін болды. Еске салайық, бұл қылмысты топ 2015 жылдың күзінде әшкере болған еді. Тергеушілер 2013-2014 жылдары осы топтың көмегімен 148 адамның мемлекеттік қызметке орналасқанын анықтап отыр. Олардың барлығы жұмыстан қуылған дейді құзырлы орган өкілдері. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz